Ресей құрамындағы Татарстан республикасында Нижнекамск қаласындағы өндіріс орнында болған өрт салдарынан 5 адам опат болған.
Жексенбі күні таңғы сағат бестің шамасында Строитель кентіндегі өндірістік базада шыққан өртті төтенше жағдай қызметкерлері екі сағаттан кейін сөндірген, оқиға орнынан 5 адамның жансыз денелері табылған.
Өрттен зардап шеккен 4 адам ауруханаға жатқызылған, тағы екі адам ауруханаға жәрдем сұрап өздері барған.
Тергеу орындары бес адамның қазасына себеп болған өрт оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғаған.