Өзбек шекарашылары ұстаған екі қырғызстандықты еліне қайтарды

Көрнекі сурет.

Өзбекстан шекара қызметінің өкілдері бұған дейін өздері ұстаған Қырғызстанның екі азаматын аман-сау еліне қайтарды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Бішкектің хабарлауынша, Өзбекстан тарабы жолдан адасып көрші елдің жеріне өтіп кеткен үшінші қырғызстандық азаматта оның жеке басын анықтайтын құжаттар өзбек шекарашыларының қолына тиген соң жақын арада еліне қайтарылады деп сендірген.

Қырғызстанның үш азаматын Өзбекстан шекарашылары желтоқсанның 11-і күні мемлекеттік шекара аймағынан ұстаған. Қырғызстандықтар қалың тұманның кесірінен жолдан адасып, көліктерімен Өзбекстан аумағына байқамай өтіп кеткендерін айтқан.