Ресейдің Ту-154 ұшағы жоғалып кеткен

Ту-154 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Бүгін таңертең Ресейдің Сочи қаласындағы аэродромнан Мәскеу уақытымен сағат 05.20-да ұшып шыққан Ту-154 ұшағы 20 минуттан соң радардан жоғалып кеткен.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ұшақта 92 адам болған. Олардың арасында ресейлік Александров атындағы ән-би әскери ансамблі мүшелері және ресейлік бірнеше журналист бар.

ТАСС агенттігінің аймақтық төтенше қызметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Сирияның Латакия қаласына ұшып шыққан ұшақ Қара теңіз аймағында хабарсыз кеткен.