Астанада темір жол вокзалында бүгін түс ауа металлдан тұрғызылған бастырма құлап кетті. "Қазақстан темір жолы" компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлемі 40 шаршы метрді құрайтын конструкцияның бр бөлігі перронда тұрған Астана-Лениногорск бағытындағы пойыз вагонының шетін жанап өткен. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шекпеген, вагон зақымданбаған. Пойыз қозғалысы бөгелмеген.
Компания бастырма қалың жауған қар мен боран салдарынан құлаған дейді.