Қазақстан мен Қытай шекарасы уақытша жабылды

Қытайдың Қазақстанмен шектесетін Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында мал бағып жүрген қазақтар. (Көрнекі сурет.)

Қытайда дәстүрлі жаңа жыл мейрамын тойлауға байланысты қазақ-қытай шекарасы уақытша жабылды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Өткізу бекеттерінің барлығы мейрамға байланысты жабылды» деп хабарлаған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің кезекші бөлімі Қазақпаратқа. Қазақстандағы Қытай консулдық бөлімі қаңтардың 27-сінен ақпанның 2-сіне дейін жабылады.

2017 жылы қытай Жаңа жылы қаңтардың 28-іне қараған түні енді. Шығыс жылнамасы бойынша ол жылда ауысып келіп отырады. Мейрамның нақты уақыты Ай айналымына қарап анықталады – жылдың алғашқы айында Ай бірінші рет туған кезде Жаңа жылды қарсы алады. Әдетте Қытайда бұл мейрамды тойлау 15 күнге жалғасып, екі апта бойы іскерлік белсенділік сап тыйылып қалады.