АҚШ Ресейді жаңа қанатты зымырандарын орналастырды деп айыптады

Пол Сельва, АҚШ қарулы күштері штабы басшылары комитеті төрағасының орынбасары.

АҚШ қарулы күштері штабы басшылары комитеті төрағасының орынбасары Пол Сельва Ресейдің қырғи-қабақ соғысы жылдарындағы ядролық қару туралы келісімнің "мақсатын бұзып", құрлықтан атылатын қанатты зымыран орнатты деп айыптады. Генерал Пол Сельва Ресей өзінің жаңа SSC-8 зымырандары жүйесін орналастырып, "НАТО-ға қауіп төндірді" деп айыптады.

Пентагон SSC-8 зымырандары 1987 жылғы Орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнің шарттарын бұзады деп мәлімдегеніне қарамастан Мәскеу оларды жасап, сынақтан өткізумен бірнеше жылдан бері айналысқан. Сельваның сөзінше, бұл жүйе НАТО-ның Еуропадағы көптеген нысандарына қауіп төндіреді. Ол сонымен қатар "Ресей зымырандарын НАТО-ға және альянс жауапкершілігіне алған нысандарға доқ көрсету үшін әдейі орналастырды деп ойлаймыз" деді.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Ресейді келісімді бұзды деп айыптаған. Бірақ Сельва Ресейдің SSC-8 зымыран жүйесін орналастырғаны туралы жария түрде алғаш мәлімдеді.