Мұхаммед Бекжан түрмеде қалай азапталғанын баяндайды

Your browser doesn’t support HTML5

Өзбекстан билігі танымал саяси тұтқындардың бірі журналист Мұхаммед Бекжанды 18 жылдан кейін түрмеден босатты. 1999 жылы ақпанның 16-сы күні Ташкент қаласында жасалған, құқық органдары сол кездегі ел президенті Ислам Каримовке қарсы қастандық әрекеті деп сипаттаған жарылыстарға өзбек билігі Украинадан экстрадицияланған "Ерік" тәуелсіз газетінің редакторы Бекжан мен оның шетелде қуғында жүрген ағасы, оппозиция лидері Мұхаммед Салихті айыптаған. Түрмеде көрген азаптары туралы баяндаған Мұхаммед Бекжан "елдегі саяси тұтқындардың барлығы түрмеден босамайынша өзгеріс туралы айтуға әлі ерте" дейді. "Осы шақ" бағдарламасының орысша сюжеті.