Дамаскідегі екі жарылыс салдарынан ондаған адам мерт болды

Дамаскідегі мешіт. 29 сәуір 2001 жыл. (Көрнекі сурет.)

Сирия астанасы Дамаскінің Баб Мусалла ауданында бүгін болған екі жарылыстан кемінде 30 кісі қаза тауып, 40-тан аса адам жараланған.

Көлікке орнатылған бомба оның жанынан автобус өтіп бара жатқан кезде жарылған, екінші жарылысты жанкешті жасаған. Жарылыстар әлемнің әр түкпірінен шииттер тәу етуге келетін мазар маңында болған. Сирия полициясының дерегі бойынша, жарылыс болған кезде ол жердегі автобуста Ираннан келген мұсылмандар отырған.

Бұл шабуылдарға жауапкершілікті әзірше ешкім алған жоқ.