Қарағанды облысына жаңа әкім тағайындалды

Қарағанды облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Қазақстан президентінің жарлығымен Қарағанды облысының әкімі болып Ерлан Қошанов тағайындалды деп хабарланды Ақорданың Twitter-дегі парақшасында. Жаңа әкімді облыс активіне Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған президент Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған.

Ерлан Қошанов бұған дейін премьер-министр кеңсесінің жетекшісі, сенат депутаты, транспорт және коммуникация вице-министрі болған.

Қарағанды облысын бұған дейін Нұрмұхамбет Әбдібеков басқарды.