Еркін күрестен Афины олимпиадасының чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы ресейлік Хаджимурат Гацалов және дағыстандық маман Маирбек Юсупов Қазақстан еркін күрес құрамасына кеңесші-бапкер болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясы хабарлады.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасын бұған дейін тағы бір ресейлік маман Сергей Белоглазов жаттықтырған. Ол дайындаған қазақстандық балуандар Рио олимпиадасында медаль ала алмаған. Осыдан кейін Белоглазов отставкаға кеткен.
Қазақстан балуандары 10-14 мамырда Делиде (Үндістан) өтетін Азия чемпионатына қатысады.