Қостанай облысында Астанаға шыққан автобус өртенген

Көрнекі сурет.

Қостанай облысында Лисаковск - Астана бағыты бойынша жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенген деп хабарлайды жергілікті "Наша газета" басылымы. Төтенше оқиға маусымның 2-і күні түнде Новонежинка ауылы маңында болған.

Басылымның хабарлауынша, өртенген автобус салонынан адамдарды шығарып үлгерген, жолаушылар мен жүргізуші зардап шекпеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, өртке көліктің электр желілеріндегі ақау себеп болған.