Қытайдан Өзбекстанға жаңа жүк пойызы жүре бастады

Жүк пойызы (Көрнекі сурет).

Өзбекстан мен Қытай арасында жаңа жүк пойызы жүре бастады. Жүк тасымалдайтын жаңа пойыз маршруты Қытай - Еуропа теміржолмен жүк тасымалдау жобасы аясында ашылды.

Xinhua агенттігінің мәліметінше, Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясынан 7 шілдеде Өзбекстанға шыққан пойыз 12 күннен соң Ташкентке жетеді. Пойыз Өзбекстанға құны 1,8 миллион АҚШ долларын құрайтын болат катушкалар, киім-кешек пен күнделікті тұтыну тауарларын жеткізеді.

Қытай осы жылдың басында Қазақстан, Ресей, Беларусь территориялары арқылы Еуропаға, одан ары Лондонға дейін баратын жүк пойызын жүргізе бастаған.