Түркістанда мақта комбинаты өртенді

Түркістан мақта комбинатындағы өрт. 20 шілде 2017 жыл.

Бүгін таңғы сағат 7.17-де Түркістан қаласындағы «Комбинат Фараб» мақта өндіру комбинатында өрт шықты. Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өртті сөндіруге авариялық-құтқару қызметінің тоғыз техникасы мен 36 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Өрттің аумағы 600 шаршы метрді құрады. Өрт екі сағатта сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.