Иран жаңа ракеталық жоба бастады

Ирандағы ракета сынағы. Көрнекі сурет.

Иран мемлекеттік басылымдары елде жаңа ракеталық жоба басталғанын хабарлады. Елдің қорғаныс министрі Хосейн Дехган мемлекеттік салтанатты шаралардың бірінде Иран "Сайяд-3" атты зымыран құрастыру жұмыстарын бастағанын айтқан.

Бұл зымыранның ұшу ұзақтығы 27 километрді құрайды. Министрдің айтуынша, ракета әскери ұшақтарды, пилотсыз ұшақтарды және тікұшақтарды атып түсіре алады.

Өткен аптада АҚШ Иранның 18 компаниясы мен заңды тұлғасын “баллистикалық зымыран жасауға қатысты” деп айыптап, санкция салған.