Сирияда RT телеарнасының журналисі қаза тапқан

Мосул қаласында шайқас болған жер. 30 маусым 2017 жыл.

Ресейлік Russia Today телеарнасының Араб редакциясына жұмыс істеген журналист Халед әл-Хатыб Сирияда қаза тапқан. Ол Хомс провинциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы жаудырған оқ астында қалып, мерт болған.

Халед әл-Хатыб Сирияның үкімет әскері жүргізген операциялар туралы хабарлар дайындайтын. Атыс барысында оның жанында бірге болған оператор да жараланып, кейін ауруханаға жеткізілген.