Бішкекте Қырғызстан-Мьянма футбол матчы өтпейтін болды

Бішкектегі футбол матчы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан мен Мьянманың футбол командалары арасындағы ойын арасындағы матч өтпейтін болды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Бұл жайында 4 қыркүйекте Қырғызстан футбол федерациясының президенті Семетей Сұлтанов хабарлады. Оның сөзінше, мұндай шешім "ықтимал террорлық шабуыл болуы мүмкін" деген қауіптен қабылданған.

- Террорлық акт жасалу қаупі жоғары. Матч қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлтаралық алауыздықты, жалпы алғанда жаппай тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында өткізілмейтін болды, - деді Сұлтанов.

Қырғызстан мен Мьянма футболшылары арасындағы матч 5 қыркүйекте Бішкектегі Омурзаков стадионында өтуі тиіс болған. Ойын 2019 жылы өтетін Азия кубогына іріктеу туры аясында өткізілуі тиіс болған. Бұл командалардың қарымта кездесуі 10 қыркүйекте Мьянмада өтуі тиіс болатын.