Алматыда прокуратура қызметкері мен тергеуші қамалды

Көрнекі сурет.

Қазақстан бас прокуратурасының қызметкері мен Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) тергеушісі қылмыс жасады деген күдікке ілінді деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер.

Zakon.kz сайтының хабарлауынша, бас прокуратураның ведомствоаралық жедел тергеу тобы прокуратура қызметкері Рахметов пен ІІД тергеушісі Решетовке қатысты қылмыстық тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу азаматтардың шағымы бойынша "Кінәсіз адамды көпе-көрінеу қылмыстық жауапкершілікке тарту" және "Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

Тергеу материалдары бойынша, Рахметов пен Решетов ""құқық қорғау органдары мен қаржы органдары қызметкерлерінің іс-әрекетінде қылмыстық құрамның жоқтығына қарамастан" оларға қылмыстық топ құрамында болды, жалған кәсіпкерлікпен айналысуға болысты және қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланды деген айып таққан.

Екі күдікті де Алматыда тұтқындалып, қамауға алынған.