Қытайдың Шыңжаң аймағында жер сілкінді

Жер сілкінісі салдарынан құлаған үйдің жанында отырған адамдар. Қашғар аймағы, Шыңжаң, Қытай. 11 мамыр 2017 жыл.

Қыркүйектің 16-сы күні Алматы уақытымен сағат 16.11 кезінде Қытай аумағында жер сілкінгені туралы Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлады.

5.7 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 528 километр қашықтықта, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, жер қабатының 5 километр тереңдігінде болған деп хабарланды.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеген.