Шпекбаев: 16 жылда 11 мың шенеунік "коррупция" үшін жауапқа тартылды

Мемлекеттік қызметі істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев (ортада) коррупцияға қарсы форумда сөйлеп тұр. Орал, 27 қазан 2017 жыл.

Қазақстанда 2001 жылдан бері коррупциялық құқық бұзғаны үшін 10931 лауазымды тұлға жауапқа тартылды деп хабарлады жұмада мемлекеттік қызметі істері және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Оралда өткен коррупцияға қарсы форумда.

Шпекбаевтің сөзінше, түрмеге жабылған жоғары лауазымды тұлғалар арасында екі премьер-министр, жеті министр мен агенттік төрағалары, жеті облыс әкімі мен олардың орынбасарлары, сегіз ұлттық компаниялардың басшысы, сегіз күш құрылымдарының басшысы бар.

2017 жылы орталық мемлекеттік органдардың 14 басшысына қылмыстық іс, облыстық құрылымдардың басшыларына 90, қалалық және аудандық мемлекеттік органдардың жетекшілеріне 121 іс қозғалған.

Қазақстан биыл Transparency International ұйымы түзетін коррупцияны қабылдау индексінде сегіз орын төмендеп, Ресей және Украинамен қатар 131-орынға түскен.