Роскосмос 28 қарашада Қиыр Шығыстағы Восточный космодромынан "Союз" зымыран тасығышымен ұшырылған "Метеор" спутнигінің орбитаға шықпай қалғанын растады. Бұған дейін спутникпен байланыс үзілгені хабарланған болатын. Болжам бойынша, спутник мұхитқа құлаған болуы мүмкін.
Сегодня осуществлён пуск РН «Союз-2.1б». Головной блок был выведен на заданную промежуточную орбиту. Однако в ходе планового сеанса связи с космическим аппаратом «Метеор-М» не удалось установить связь по причине отсутствия его на целевой орбите. Информация анализируется. pic.twitter.com/TnshFNHysc
— РОСКОСМОС (@roscosmos) 28 ноября 2017 г.
"Метеор-М 2-1" - сейсенбіде Восточный космодромынан "Союз-2.1б" зымыран тасығышымен ұшырылған 19 спутниктің бірі. Восточный космодромынан осымен екінші рет зымыран тасығыш ұшырылып отыр.
Амур облысында орналасқан космодром 2012 жылы салына бастаған. Оның құрылысына жүз миллиард рубль бөлінген, оның бірнеше миллиард рублі жымқырылғаны хабарланған. Восточный космодромынан зымыран тасығыш әуелде 27 қарашада ұшырылады деп жоспарланған еді, бірақ ақауға байланысты ұшырылым бір күнге кешіктірілді.