Қытайдың Шыңжаң аймағында жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Желтоқсанның 2-і Алматы уақытымен сағат 12:22 кезінде Қытай аумағында жер сілкінгені туралы Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, 4.4 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 364 километр қашықтықта, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, жер қабатының 25 километр тереңдігінде болған.

Зардап шеккендер мен бүлінген нысандар туралы ақпарат түспеген. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеген.