Торонтода белгісіз біреу пышақпен жұртқа шабуылдаған

Канаданың Торонто қаласы. (Көрнекі сурет.)

Канаданың Торонто қаласында сенбі күні белгісіз біреу пышақпен жеті адамды жаралаған деп хабарлайды CBCNews.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Шабуылды кім, не үшін жасағаны белгісіз.

Торонто полициясының өкілінің айтуынша, шабуылға қатысты әзірше ешкім ұсталмаған, тергеу жалғасып жатыр.