Ресейдің екі облысындағы өрттен адамдар мерт болған

Көрнекі сурет.

Ресейде Байкал көліндегі Ольхан аралында орналасқан "Дарьяна" туристік базасында болған өрттен екі адам мерт болып, жеті кісі зардап шеккен. Бұл туралы Иркутск облысы бойынша тергеу басқармасына сілтеме жасап "Интерфакс" хабарлады.

Зардап шеккендер арасында төрт шетелдік турист және осы базада жұмыс істейтін бір адам бар.

Ал бүгін таңертең Омбы облысында жатақхана өртенген. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт оқиғасынан бес адам қаза болған, олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар.