Оңтүстік Корея экс-президентін 30 жылға соттауды сұрады

Your browser doesn’t support HTML5

Оңтүстік Корея прокуратурасы соттан елдің бұрынғы президенті, "парақорлық", "билік өкілетін теріс пайдалану" және "мемлекеттік құпияны жариялау" айыптары тағылған Пак Кын Хеге 30 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және 127 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салуды сұрады. Өткен жылы наурызда импичмент нәтижесінде биліктен кеткеннен кейін үстінен іс қозғалып, қамауға алынған экс-президент өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Сот үкімі биыл сәуірде шығуы мүмкін. (REUTERS видеосы - орыс тілінде)