Бішкек Ирак түрмесіндегі қырғызстандықтар жайлы білгісі келеді

Көрнекі сурет

Қырғызстанның Кувейттегі елшілігі сол елдегі Иран консулына Бағдад түрмесінде кәмелетке толмаған 10 баламен бірге қамауда отырған қырғызстандықтар болуы ықтимал үш адамға қатысты толық ақпарат беруге жәрдемдесуін сұрап нота тапсырды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сонымен бірге елшілік шетелдік азаматтарға сот барысында құқықтарын қорғауы үшін адвокат қызметін ұсынуға қолғабыс тигізуін өтінген.

Бішкек бұған дейін Бағдатқа Иракта ұсталған және сол елде жазаларын өтеп жатқан қырғызстандықтарға қатысты жолдаған сауалына да жауап күтеді.