Министрлік: Тікұшақта әскери қызметкер қайтыс болды

Ми-8 тікұшағы (Көрнекі сурет).

13 наурызда Ми-8 тікұшағымен жоспарлы ұшу кезінде борт технигі Ж.Тасыбеков қайтыс болды деп хабарлады 14 наурызда Қазақстан қорғаныс министрлігі. Ведомство әскери қызметкер өліміне қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын ғана айтып, неден көз жұмғанын айтпады.