Армения премьері оппозицияны келіссөзге шақырды

Еревандағы наразылық. 21 сәуір 2018 жыл.

Арменияның жаңадан тағайындалған премьер-министрі Серж Саргсян елдегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жариялады. Премьер-министрдің ресми сайтында шыққан мәлімдемеде Саргсян оппозиция өкілі, ереуілшілердің басында жүрген Никол Пашинянды саяси келіссөз жүргізуге шақырды.

Саргсянның сөзінше, халықтың көшеге шығып өз ойын білдіруге, митинг өткізуіне құқығы бар. Бірақ Еревандағы шерулер заң шегінен шығып кетіп жатыр.

Your browser doesn’t support HTML5

Еревандағы шеру тоғызыншы күнге ұласты

Еревандағы наразылық 21 сәуірде де жалғасты. Тоғызыншы күн қатарынан өтіп жатқан ереуіл кезінде жүздеген адам ұсталған. 20 сәуірде Еревандағы Республика алаңындағы митингте сөз сөйлеген оппозициялық "Азаматтық келісім" партиясының лидері Никол Пашинян билікпен келіссөз жүргізуден бас тартқан.

Ондаған жыл ел басқарған Саргсян президенттіктен кетер алдында Армения Конституциясы өзгертіліп, ел парламенттік басқару жүйесіне өткен. Елдегі билік үкімет басшысының қолына тиді. Оппозиция Саргсянді билікті басып алды деп айыптайды.

Көре отырыңыз: Армения неге толқып тұр?

Your browser doesn’t support HTML5

Жаһан жаңалықтары. Апта 20.04.2018