Алматыда мыңдаған адам қатысқан марафон өтті

"Алматы марафон-2018" жарысына қатысушылар. 22 сәуір 2018 жыл.

22 сәуірде Алматыда марафон өтіп жатыр. Биылғы "Алматы марафон-2018" жарысына он мыңнан астам адам тіркелген. Қатысушылар әртүрлі шақырымға жүгіреді. Ең ұзын қашықтық - 42 шақырым.

Марафон Республика алаңынан басталды. Мәре де осы алаңда орналасқан. Қатысушылар Назарбаев, Әл-Фараби, Саин, Абай көшелерімен жүгіріп өтеді. Бұл көшелерде күзет күшейтілген. Шараға байланысты қаланың орталық және батыс бөлігіндегі жолдар жабылған. 

Марафон осымен жетінші жыл қатарынан өтіп жатыр. Шарадан түскен қаржы қайырымдылыққа беріледі.