Едәуір бөгеліске ұшыраған Telegram мессенджері ТМД, Шығыс Еуропа және Африка елдерінде қайтадан жұмыс істей бастады. Бұл туралы мессенджер әкімшілігі хабарлады.
Repairs are ongoing after a massive power outage in the Amsterdam region that affected many services. Telegram users in Europe, MENA, Russia and the CIS are currently unable to connect. We apologize and will update you on the progress. https://t.co/WyfYimZoKV
— Telegram Messenger (@telegram) 29 апреля 2018 г.
Таяу арада Иран және Таяу Шығыстағы сервис жұмысы да жанданбақшы.
АҚШ, Оңтүстік Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия қолданушылары үшін Telegram жұмысында еш кедергі болмаған.
Бұдан алдын Нидерландыдағы электр қуатын уақытша сөндіру мессенджер жұмысына кедергі туғызған себеп ретінде аталған.