Бүгін Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын маусымның 12-інде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі өтеді деп жоспарланған Сингапурге ұшып барған.
Сингапур сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан Солтүстік Корея басшысының елге сапармен келгенін растап, Сингапур әуежайында Ким Чен Ынмен қол алысып тұрған сәті бейнеленген фотоны Twitter әлеуметтік желісінде жариялады.
Welcomed Chairman Kim Jong Un, who has just arrived in Singapore. pic.twitter.com/ZLK4ouIejx
— Vivian Balakrishnan (@VivianBala) June 10, 2018
JUST IN: A motorcade carrying Kim Jong Un sped through the streets of Singapore on Sunday after the North Korean leader arrived for the scheduled #TrumpKimSummit. https://t.co/BIgvBwmx3O pic.twitter.com/LpNpwzVhXJ
— Fox News (@FoxNews) June 10, 2018
Президент Трамп бастаған АҚШ делегациясы Сингапурге жексенбі күні кешке барады деп хабарланды. Онымен бірге АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Джон Болтон ілесіп бармақ.
Сингапурге аттанар алдында Трамп алдағы кездесуден үмітті екенін, бірақ, Ким Чен Ынмен жүздескен "алғашқы минуттан-ақ" Солтүстік Корея басшысының келісім жасауға деген ниетін бірден аңғаратыны туралы мәлімдеген. Егер оның шынайы ниеті байқалмаса, онда келіссөзге "уақыт шығындамаймын" деген Трамп.
АҚШ пен коммунистік билік басқаруындағы Солтүстік Корея басшыларының кездесуі – тарихи оқиға болмақ. Бұған дейін екі елдің басшылары ешқашан кездеспеген, тіпті өзара телефонмен де сөйлескен емес.
Сингапурдегі кездесудің басты тақырыбы – Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына арналады. Вашингтон Пхеньянды ядролық қарудан арылуға көндіргісі келеді.