Түркістан облысында 27 адамды қарақұрт шақты

Қарақұрт

Түркістан облысында соңғы бір жарым айда 27 адам қарақұрт шағып, ауруxанаға түсті. Бұл туралы Азаттыққа шілденің 12-сі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз xатшысы Мира Мүсілім хабарлады.

Мира Мүсілімнің айтуынша, облыстық аурухананың жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығына маусым айынан бастап қарақұрт шаққан 27 адам түскен. Олардың 15-і ер адам, жетеуі - әйел, бесеуі - бала. "Қазір екі ер адам мен бір бала жан сақтау бөлімінде жатыр" деді ол.

Облыста 2016 жылы 63 адам, 2017 жылы 69 адамды қарақұрт шағып, ем алған.