Назарбаев пен Путин телефонмен сөйлесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Сочи, 14 мамыр 2018 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа телефон шалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Президенттер телефонмен әңгімеде алдағы кездесулер кестесін, оның ішінде бесінші рет өтетін Каспий саммиті аясындағы кездесуді талқылады" делінген Ақорда сайтындағы 23 шілдеде жарияланған хабарламада.

Каспий жағалауы елдерінің саммиті туралы бұған дейін журалистерге Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов хабарлаған. Оның сөзінше, бес ел саммитке қатысатынын растаған және қазір Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан сыртқы істер министрлері оған дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Министр Әбдірахманов кездесудің күн тәртібі туралы айтпады. Министрлік мәліметінше, саммитте Каспий теңізінің мәртебесін айқындайтын конвенцияға қол қойылмақ.