АҚШ пен Ресейдің әскери байланысы шектеулі күйінде қала бермек

Капитолий ғимараты

Пентагон мен Ресейдің Қорғаныс министрлігі арасындағы байланысты шектеулі күйінде қала береді. 23 шілдеде АҚШ Конгресі арнайы есеп жариялап, екі елдің әскери байланысына шектеу уақытын ұзартты.

Құжатта Мәскеу мен Вашингтон арасындағы әскери байланысты қаржыландыру қарастырылмаған. Шектеулерді АҚШ қорғаныс министрі анықтайды. Баяндамада 2019 жылы Украинаға қаржылай жәрдем беру жоспарланған. АҚШ Украинаға құны 250 миллион доллар болатын әскери қару жіберуді ойластырып отыр.

Құжатта Ресейдің қару-жарақты бақылау келісіміндегі шарттарды сақтамағаны, ядролық әлеуетін күшейткені жазылған.