Индонезияда жексенбі күні таңертең болған күшті жер сілкінісі салдарынан 13 адам мерт болып, бірнеше ондаған адам зардап шеккен.
Қаза болғандар арасында бір малайзиялық бар деп хабарланды.
Үш миллионға жуық тұрығыны бар Ломбок Тимур аралында 6,4 магнитудалы жер сілкінісі болған. Табиғи апат құрбандарының саны көбеюі мүмкін деп жазды Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында Табиғи апаттың алдын алу қызметінің өкілі Сутопо Пуруо Нугрохо:
Dampak gempa 6,4 SR di Lombok Timur: terdapat korban meninggal dunia, luka-luka dan rumah rusak. Gempa susulan beberapa kali terjadi dengan intensitas lebih kecil. Tidak berpotensi tsunami. Pendataan masih dilakukan. pic.twitter.com/S6SZ9I5Z8d
— Sutopo Purwo Nugroho (@Sutopo_PN) July 29, 2018
Бали аралынан қырық шақырымдай қашықтағы Ломбок аралы туристер көп баратын орындардың бірі саналады.
2004 жылы Индонезияның Суматра аралында теңізде болған жер сілкінісінің соңы цунамиге ұласып, 220 мың адам ажал құшқан болатын.