Украинада "Ресей пайдасына тыңшылық жасаған" ғалым сотталды

Украина қауіпсіздік қызметі (Көрнекі сурет)

Украина соты 84 жастағы ғалым Мехти Логуновты Ресей пайдасына тыңшылық жасады деп айыптап, 12 жылға соттады. Сот материалдарына қарағанда, ол Украинаның қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырыстары туралы ақпарат жинаған. Украиналық "УНИАН" агенттігінің хабарлауынша, Логуновтың қорғаушылары сот үкіміне шағымданбақ.

Логуновты 2017 жылы қыркүйекте Украина қауіпсіздік қызметі ұстаған. Тергеу долбарынша, ғалым "Харьков халық республикасы" үшін кек алатын террорлық ұйым құрған.