"Петров" пен "Боширов": "Солсбериге шіркеуді көру үшін бардық"

Your browser doesn’t support HTML5

Ұлыбритания билігі биыл наурызда ел аумағына "Александр Петров" және "Руслан Боширов "деген азаматтарға берілген Ресей паспортымен барған екі адамның Солсбери қаласында Ресей әскери барлауының бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияға қарсы жасалған қастандыққа қатысы бар деп санайды. Кремльшіл RT телеарнасына сұхбат берген "Петров" пен "Боширов" Солсбериге "шіркеуді көру үшін бардық" деп түсіндірген. "Настоящее время" видеосы – орыс тілінде.