Иран Ахваздағы терактіге АҚШ пен өзге шетелдік арнайы қызметтерді айыптады

Your browser doesn’t support HTML5

Иранда қыркүйектің 22-і күні Ахваз қаласында болған қарулы шабуылдан қаза тапқандарды жерледі. Иранның жоғары билеушісі аятолла Әли Хаменеи Ахвазда қарулы шабуыл жасағандар "Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінен ақша алған және АҚШ-тың қолдауына сүйенген" деп мәлімдеді. Шабуылдан 25 адам қаза тауып, 60-қа жуық адам жараланған. Терактіден оң іле-шала екі экстремистік ұйым – "Ислам мемлекеті" тобы мен өздерін "Арабтардың Ахваз бостандығы үшін күресі қозғалысы" деп атайтын радикалдық топ шабуылға жауапкершілікті алатындарын мәлімдеді. АҚШ Ахваздағы терактіні айыптап, Иран халқына көңіл айтты. Вашингтон шабуылға қатысты Тегеранның таққаны айыбын жоққа шығарды. "Настоящее время" видеосы - орысша.