Алматыда "Адем" сауда үйі жанындағы қоймалардан өрт шықты

"Адем" сауда үйінің артындағы өртеніп жатқан ғимараттар. Алматы, 1 қараша 2018 жыл.

Алматыда "Барахолка" атанып кеткен ірі сауда аймағында орналасқан "Адем" сауда үйінің артында қоймалар өртеніп жатыр.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың Азаттыққа айтуынша, өрт басталғаны туралы хабар сағат 13:41-де түскен. Арада бес минут өткенде өрт орнына өрт сөндірушілердің алғашқы тобы жеткен. Өрттің неден шыққаны, аумағы әзірге белгісіз.