Трамп Дүниежүзілік банк басшылығына Дэвид Мэлпасты ұсынды

Дэвид Мэлпас.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаржы министрінің орынбасары Дэвид Мэлпасты Дүниежүзілік банк басшылығына ұсынды. Жаңа басшының кандидатурасын Дүниежүзілік банктің басқарушылар кеңесі бекітеді.

Мэлпас Дүниежүзілік банктің Қытайға қатысты саясатын сынап келген. Ол банкті Қытайға ірі көлемде қарыздар береді деп сөккен. Мэлпастың пікірінше, қаржы қоры жеткілікті Қытай халықаралық көмекке мұқтаж емес.

Бұған дейін Дүниежүзілік банк президенті болып істеген Джим Ен Ким 1 ақпанда қызметінен кеткен.