Ташкентте Тоқаев пен Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ташкентте Өзбекстан президентінің резиденциясы - "Көксарaйда" Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігі хабарлады

"Кеңейтілген және жабық форматтағы келіссөздер кезінде екі елдің президенттері саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ аймақтық және халықаралық тақырыптарда екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқыламақ" деп жазады басылым. 

Келіссөздер соңында екіжақты құжаттарға қол қойылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімдеме жасалады деп жоспарланған. 

Оқи отырыңыз: Екінші президенттердің Ташкенттегі алғашқы кездесуі

14 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Ташкент әуежайынан Тоқаевты Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Ташкент мэрі Жохангир Артыққожаев​ қарсы алды

Видео: Тоқаевтың Ташкентке келуі (өзбекше видео)

Екі елдің президенттері Қазақстанның Өзбекстандағы жылының ашылу салтанатына қатысады деген ақпарат тарады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы шетел сапарын Ресейден бастаған. Бірақ сол сапар "мемлекеттік" деген мәртебеге ие болған жоқРесми билік бұл сапарды Тоқаевтың "алғашқы мемлекеттік сапары" ретінде атады.