Ресей украиналық балықшыларды қамаудан босатты

Ресей Қырым түбегінде ұсталған екі украиналық балықшы Руслан Кондратюк пен Андрей Морозовты қамаудан босатты. Бұл туралы Украина Жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Людмила Денисова хабарлады.

Кондратюк пен Морозов 2018 жылы қыркүйекте Қырымда ұсталған. Ресей оларды мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыптаған. Ресей балықшыларды Қырымдағы тергеу изоляторларының бірінде ұстап, тек 1 қарашада изолятордан үйқамаққа шығарған. Балықшылар тергеу изоляторынан шыққанымен үйлеріне қайта алмаған.

Ресей Руслан Кондратюк пен Андрей Морозовқа енді үйлеріне оралуға рұқсат берді.