Қазақстанда тағы жеті адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 наурыз таңертең тағы жеті адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - бес адам, Алматыда - екі адамға вирус жұққаны анықталған.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Шымкентте - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

Қарай отырыңыз: Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді (19 наурыз 2020 жыл).

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді