Қырғызстанда алтыншы науқас коронавирустан жазылып шықты

Қырғызстандағы ауруханалардың бірі.

4 сәуірде Қырғызстанның Баткен облысында коронавирустан бір әйел адам жазылып шықты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оның айтуынша, науқастың жағдайы бірқалыпты. Әйел қайтадан анализ тапсырып, нәтижесі коронавирус жоғын көрсеткен.

3 сәуір күнгі дерек бойынша, Қырғызстанда 130 адамнан коронавирус табылған. Барлығы 6 адам жазылған. Ноокат ауданында 61 жастағы тұрғын қайтыс болған.