Қазақстанда вирус жұқтырғандар 5036 адамға жетті

Мамандар ары-бері өткен адамдардың дене қызуын тексеріп жатыр. Нұр-Сұлтан, 4 мамыр 2020 жыл.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 10 мамыр таңертеңгі сағат 9.45-те тағы 61 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласында - 31, Алматы қаласында - 11, Жамбыл облысында - 1, Маңғыстау облысында - 7, Ақмола облысында - 3, Қызылорда облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында - 2, Атырау облысында - 1, Қарағанды облысында 2 адамға вирус жұққан.

Елде вирус жұқтырғандар 5036 адамға жетті. 1766 адам жазылған. 31 адам қайтыс болған.

Қарай отырыңыз: Қазақстанның коронавирус картасы

Қазақстанда 11 мамырда коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай аяқталуы тиіс. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі елде карантин шаралары біртіндеп алынатынын айтады.