Коронавирус пневмониясына шалдыққан тағы 20 науқас анықталды, Covid-ті қосқанда 5 адам қайтыс болды

Рентген суретке қарап тұрған дәрігер. Көрнекі сурет.

21 қыркүйек күні Қазақстанда коронавирус пневмониясына шалдыққан 20 адам анықталды. Пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрінен 1 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда 1 тамыздан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар саны 31 168 адамға жетті. 26 739 адам жазылған, 345 адам қайтыс болған.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР тестімен расталған 4 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 1703 адам көз жұмған.

Қазір 3 611 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. 36-сы – бала. Стационарда – 1 897, амбулаторлық жағдайда 1 714 адам емделіп жатыр. 100 адамның жағдайы ауыр, 14 адамның жағдайы – өте ауыр, 19 адам аппарат тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстан зертханалық талдаумен расталмаған коронавирус пневмониясының есебін тек 1 тамыздан бастап – індеттің беті қайтқанда жүргізе бастады. Мәселен, 1-8 шілде аралығында 56,8 мың адамнан пневмония анықталса, оның 39,7 мыңында (70 пайызында) коронавирус белгілері байқалған. Бірақ мұның ешқайсысы коронавирус жөніндегі ұлттық статистикаға кірмеген. Коронавирус пневмониясының есебі жүргізіле бастаған 1 тамызға дейін 256 мың пневмония науқасы тіркелген. Бұл – өткен жылғыдан 3,3 есе көп көрсеткіш. Денсаулық сақтау министрлігі оның қаншасынан коронавирус белгілері байқалғанын айтпады.