Түрмеден шыққан саясаткер Жапаров Қырғызстанды уақытша басқарады

Your browser doesn’t support HTML5

16 қазанда Қырғызстан парламенті елдегі президенттік биліктің жаңа сайланған премьер-министр Садыр Жапаровқа өткенін мақұлдады. Елде парламент сайлауының нәтижесіне қарсы наразылық шарасы күшейген соң 15 қазанда Сооронбай Жээнбеков президенттіктен кететінін жариялаған. 16 қазанда парламент Жээнбековтің оставкасын қабылдады.