"Назарбаевтың сынына шыдас берген". Мәжіліс депутаттары спикер Нығматулинді қалай мақтады?

Your browser doesn’t support HTML5

2016 жылдан бері мәжіліс спикері болып келген Нұрлан Нығматулин жаңа парламентте бұл қызметін сақтап қалды. Оның кандидатурасын барлық депутат "бірауыздан" қолды. Дауыс берер алдында депутаттар Нығматулинді «Назарбаевтың сынына шыдас берген, от пен судан өткен тұлға» деп мақтады.