Ақылы жолға наразылық жайлы депутаттар не дейді?

Your browser doesn’t support HTML5

Мәжіліс депутаттары кейінгі аптада әр өңірде ақылы жолға наразылық білдіріп жатқан жүргізушілердің талабын қолдады. Олар жүргізушілер бұл бастамаға қарсылық білдіріп бас көтергеннен кейін ғана жолдардан ақы табуды көздеген үкімет бастамасын сынға алды. Жүргізушілерден жүрген жолы үшін қаржы алу - бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Нұрлы жол" бағдарламасында айтылған.