2 маусым таңертең Оман шығанағында Иранның әскери-теңіз флотының ең ірі кемесі – "Харк" танкері өртеніп, суға батып кетті. Бұл туралы Иранның мемлекеттік Fars агенттігі хабарлады. Өрт сөндіру 20 сағатқа созылып, 20 адам зардап шеккен.
"Харк" 1977 жылы Ұлыбританияда жасалып, 1984 жылы флот қатарына қосылған. Бұл - "Ол" жобасындағы төрт танкердің бірі еді. Қалған үш танкер 2000 жылға дейін британиялық флотта қызмет еткен.
Video of Iran’s largest ship that sank near the port of Jask close to the Strait of Hormuz after catching fire. Iranian news agencies say efforts failed to save the ship Kharg pic.twitter.com/hF86Gtqc7H
— Golnaz Esfandiari (@GEsfandiari) June 2, 2021
Азаттықтың Иран қызметінің хабарлауынша, "Харк" танкері бірнеше күн бұрын Иранның оңтүстігінде Жаск портынан оқу-жаттығу жиынына аттанған. Танкердің өртіне не себеп болғаны айтылмады.
Оман шығанағында бұған дейінде осыған ұқсас оқиғалар болған. 2019 жылы маусымда екі танкерге шабуыл жасалған. Бұл жағдайға Вашингтон Тегеранды айыптаған еді. АҚШ-тың пайымдауынша, шабуыл кезінде Иранның магнитті минасы қолданылған.
Ақпанда Израильге тиесілі "Гелиос Рэйд" сауда кемесінде жарылыс болған. Израиль премьері Беньжамин Нетаньяху жүк таситын кемеге Иран шабуылдады деген.