Қырғыз парламентінде Ауғанстаннан босып келген қырғыздарға көмек мәселесі сөз болды

Памир қырғыздары. Көрнекі сурет.

Жогорку Кенештің 15 шілдедегі отырысында депутат Бейшеналы Нурдинов Ауғанстаннан Тәжікстанға босып келген этникалық қырғыздарға көмек беруді ұсынды.

"Олар тәліптерден қашып келді, баспана іздейді. Осы мәселені үкімет, президент деңгейінде көтеру керек. Біз оларға көмектесіп, Қырғызстанға көшіріп ала аламыз ба? Осы мәселені талқылап, көмек көрсету керек деп ойлаймын" деді депутат.

Тәжікстанның шекара әскерінің мәліметінше, 13-14 шілдеде Ауғанстаннан 345 этникалық қырғыз "Талибан" содырларынан қашып, Тәжікстан аумағына өткен. 91 ер азамат, 77 әйел және 177 кәмелет жасқа болмаған бала Ауғанстанның Вахон уезіндегі Андемин ауылынан келген. Олар Тәжікстандағы Чоштеппа мен Дуютук қышлақтарына орналастырылды.

Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы бірнеше аптаның ішінде ондаған ауданды үкімет күштерінен тартып алды. АҚШ басқаратын халықаралық күштер Ауғанстандағы әскерін әкете бастағанда, қозғалыс содырлары жаңа аудандарды басып алып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Ауғанстанда жұрт зорға өмір сүріп жатыр". Кабул қазағы елдегі жағдай жайлы не дейді?Түркімен билігі Ашғабатта "Талибан" өкілдерімен "құпия келіссөз" жүргізді"Тәліптермен соғысу өлімге бас тіккенмен бірдей". Ауған сарбаздары Тәжікстанға қалай қашты?Тәліптер келе жатыр. Орталық Азия мен Ресейге қауіп бар ма?Қазақстан Ауғанстанмен шекарадағы жағдайды реттеу үшін ОА елдеріне "бірнеше шартпен әскер жіберуге дайын"